Тексеріс барысында Қаратау ауданында қарасты Алматы айналма жолында заңсыз сауда орны анықталды.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы əкімі Абзал Шымкентбайұлы Қаратау аудандық полиция қызметкерлерімен бірге жаз мезгілінде орын алатын заңсыз сауда бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тексеріс барысында Қаратау ауданында қарасты Алматы айналма жолында заңсыз сауда орны анықталды. Аталған орын жол ережелерінің талаптарына сай емес екендігі жəне сауда жасау орындары арнайы мекемелер тарапынан белгіленетіндігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, аудан аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстар тікелей аудан əкімінің бақылауында болады