​ШЫМКЕНТТЕ ЗАПАСТАҒЫ ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕРМЕН АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛЕДІ

0
70


​ШЫМКЕНТТЕ ЗАПАСТАҒЫ ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕРМЕН АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛЕДІ

16–25 қыркүйегі аралығында Шымкент қаласында орналасқан 50120 әскери бөлімде, әскери міндеттілермен арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығуға 27–60 жас аралығындағы 170-ке жуық запастағы әскери міндетті шақырылады. Арнайы дайындық шаралары «Ақтас» оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жұмылдыру тапсырмаларын орындау барысында жеке құрамның өзара үйлесімділігін арттыру, лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттерін орындау бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын және моральдық-психологиялық тұрақтылығын нығайту.
Мұндай оқу-жаттығулар аумақтық қорғаныс жүйесінің әзірлігін арттыруға, әскери міндеттілердің практикалық дағдыларын жетілдіруге және төтенше жағдайлар мен жұмылдыру міндеттерін орындауға дайындық деңгейін күшейтуге бағытталған.
Бөлісу