Қарт адамдардың денсаулығын қолдау және бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мекемелері мегаполистің 4 ауданында жұмыс істейтін болады.
Шымкент қаласында жыл соңына дейін зейнеткерлерге арналған белсенді өмір сүру орталықтары ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қарт адамдардың денсаулығын қолдау және бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мекемелері мегаполистің 4 ауданында жұмыс істейтін болады. Бұл жұмыстар қарттарды қолдауға арналған 2025 жылға дейінгі жоспар аясында жүзеге асырылмақ.
Орталыққа келушілерге жоғары және бірінші санатты дәрігер кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері қызмет көрсетеді. Сонымен бірге емдік денешынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қарастырылған. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға да мүмкіншіліктері бар. Психолог маманынан кеңес алып, психологиялық тренингтерге қатыса алады.