Шымкентте зейнеткерлерге шипажайларға жолдама беру жалғасып жатыр

0
627

Зейнеткерлерге жолдама құнының 50 пайызын төлеумен, яғни 6 күнге беріледі.


Шымкентте зейнеткерлерге шипажайларға жолдама беру жалғасып жатыр
Шымкент қаласында зейнеткерлерге шипажайларға жолдама беру жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету санатындағы азаматтарға шипажайларға тегін және жеңілдікпен жолдамалар беріледі.
Биыл жолдама санына бөлінген 6174 азаматтың ішінен 2000-нан астамы Шымкент қаласының "Денсаулық" шипажайына, Түлкібас ауданының "Ақсу-Жабағылы" және Тараз қаласының "Айша бибі" шипажайларына жіберілуде.
Санаториялық-курорттық емдеу Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткерлік жастағы "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне 12 күнге тегін беріледі. Ал, зейнеткерлерге жолдама құнының 50 пайызын төлеумен, яғни 6 күнге беріледі.
Бүгінгі күні қалада 82 821 зейнеткер тіркелген, оның ішінде ҰОС ардагерлері – 20, тыл ардагерлері – 3 153. Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегері атанған 2377 зейнеткер бар.