Шымкентте «Жаңа саяси реформалардың перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

0
475

Басқосудағы негізгі мақсат үкіметтік емес ұйым өкілдері қарапайым халықтың талап-тілегін тыңдап, жауапты органдар тарапына жеткізу.


Шымкентте «Жаңа саяси реформалардың перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

Шымкентте қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері бас қосқан «Жаңа саяси реформалардың перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқосудағы негізгі мақсат үкіметтік емес ұйым өкілдері қарапайым халықтың талап-тілегін тыңдап, жауапты органдар тарапына жеткізу. Осы орайда айта кету керек, азаматтық қоғамның дамуында үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол. Олардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды.
Атап айтар болсақ, адам құқығын қорғау мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қозғалған тобын қорғау секілді шаралармен айналысады. Жалпы үкіметтік емес ұйымдар айналысатын салалар өте көп.
Халық пен биліктің арасында «алтын көпір» рөлін атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жақсартуға, ел дамуына қажет ұсыныстарды талқылауды көздеп отырмыз. Алда бірлесіп атқаратын жобалар көп. Барлығымыздың көздегеніміз – халықтың тұрмысын жақсарту, – дейді Шымкент қалалық Азаматтық Альянс төрағасының орынбасары Жанетте Жазықбаева.
Жиын соңында Конституция күніне және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай бірқатар ардагер әскери қызметкер мерекелік медальмен марапатталды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 840 үкіметтік емес ұйымдар бар болса, соның 100-ге жуығы ғана белсенді. Азаматтық Альянспен тығыз жұмыс істеп отырғаны 33 екен. Қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. 2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және оларды жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқындады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.