Шымкентте жаңа сейсмологиялық станция ғимараты салынады

0
1 724

1927 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозығы жеткен.


Шымкентте жаңа сейсмологиялық станция ғимараты салынады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шымкент» сейсмологиялық станциясының жұмысын тексерді.


Станцияда сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, қашықтықты, жер сілкінісі ошақтарының классын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда 3 жұмысшы қызмет атқарады. 1927 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозығы жеткен.

Аталған станцияның жай-күйімен танысқан қала басшысы жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді.