Шымкент қаласындағы Жаңа шек су арнасына БМК каналы арқылы секундына 200 литр су көлемі жіберілді.
Су Сайрам, Аймауытов көшелерімен және Тәуке хан даңғылындағы ирригациялық жүйелер арқылы өтіп, Қазыбек би, Тоқаев көшелері бойымен Ордабасы алаңындағы Қошқар ата өзеніне құяды. Жалпы каналдың сыйымдылығы 1000 л/с.
Еске салсақ, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілгендігі хабарланған болатын.