​ШЫМКЕНТТЕ ЖӘНДІКТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
241

Залалсыздандыру жұмыстары ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген, қора-жайлары бар үйлерде тегін жүргізіледі.


​ШЫМКЕНТТЕ ЖӘНДІКТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласы аумағында ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында 15 тамыз бен 30 қыркүйек айлары аралығында кенеге қарсы ауыл шаруашылығы жануарлары мен қора-жайларды залалсыздандыру шаралары жүргізілетінін хабарланды.

Залалсыздандыру жұмыстары ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген, қора-жайлары бар үйлерде (ақысыз түрде) жүргізіледі.

Аталған ветеринариялық шараларды жүргізу барысында жұмыстың сапалы болуы үшін, тұрғын үй иелерінен:
- алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуді;
-ірі қара малдарын дезинсекторларға бүрку үшін жеткізуді;
-бал ара шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге бал ара жәшігін бүрку алаңдарынын алшақ ұстауды қажет етеді.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және дезинфекция жұмыстарын жүргізу барысында жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз!
Жауапты мекеме: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/15 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22.
Бөлісу