Шымкентте жасөспірім 9-қабаттан секіріп кетті

0
691

Ол оқиға орнында көз жұмды.


Шымкентте жасөспірім 9-қабаттан секіріп кетті

Шымкентте 9-қабаттан секіріп кеткен жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қайғылы оқиға кеше сағат 15:35-те Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінде болған.
Бейресми ақпарат бойынша, әйел 17 жастағы баласын емшіге көрсету үшін Атыраудан Шымкентке апарған.
“Көрсетілген жайт Әл-Фараби ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі "кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша СДТБТ-не тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, - делінген баспасөз таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.