Шымкентте жасөспірімдер арасындағы қылмыс төмендеді

0
2 412

Өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстар саны 179-дан 146-ға, яғни 18,4% азайған.


Шымкентте жасөспірімдер арасындағы қылмыс  төмендеді

Шымкентте кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Жасөспірім» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған полиция департаментінің ювеналды 37 қызметкері, инспекторлар мен 103 полиция тартылды.
Ювеналды полиция инспекторлары күнделікті таңертең, түскі және кешкі уақытта мектеп аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолында оқушылардың сабаққа қауіпсіз келіп - кетуін қамтамасыз етеді.
Ал ата-анасының бақылауынсыз жүрген 263 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Заң бұзушылыққа бейім 315 жасөспірім және өз міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін 180 ата-ана ішкі істер органының есебіне қойылды. Бұған қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстар саны 179-дан 146-ға яғни 18,4% азайып отыр.