Шымкентте жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирінің 2-ші кезеңі өтті

0
889

Шара барысында ең үздік деген 3 команда және «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншылар» анықталды.


Шымкентте жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирінің 2-ші кезеңі өтті

«SPORTVILLA BESIKTAS» ойын-сауық кешенінде «KENES ORTALYGY» жобасы аясында Шымкент қаласының NEET санатына жататын жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирінің 2-ші кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент жастары арасындағы салауатты өмір салтына бағытталған «Дүйсенбілік футбол» турнирінің 2-ші кезеңіне 8 команда қатысты.
Олимпиадалық жүйемен өтетін турнирге «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры және «ОТАУ-СТРОЙ» ЖШС директоры Алимбек Аслан демеушілік көрсетті.
Шара барысында ең үздік деген 3 команда және «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншылар» анықталды.
I - орын иегері Тұлпар командасы
II - орын иегері Қазыбек командасы
III - орын иегері Айна командасы
«Үздік шабуылшы» номинация иегерлері Аманқұл Қадыржан Бауыржанұлы, Октамов Акбарбек Адылбекович және Байсапаров Есенжол;
«Үздік қақпашы» номинация иегерлері Мырзалы Айбол, Асанбаев Эльмурад Бахадырович және Нұрланұлы Дарын;
«Үздік ойыншылар» номинация иегерлері Данабек Санжар, Тунгышбаев Аблайхан және Әзімхан Сырым болып танылды.
Жеңімпаз командаларға жүлде қоры 1- ші орынға 300 000 тг, 2-ші орынға 200 000 тг, 3-ші орынға 100 000 тг көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталады.