​Шымкентте жастардың бастапқы әскери даярлығы мәселесі талқыланды

0
110

Мұндай іс-шаралар жастардың әскери қызмет туралы түсінігін кеңейтуге, Отан қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға және әскери білім алуға қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған.


​Шымкентте жастардың бастапқы әскери даярлығы мәселесі талқыланды

Шымкент қаласының «Жастар орталығында» мектептердегі алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін қалай қызықты әрі тиімді етуге болатыны, әскери-патриоттық тәрбие және жоғары әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктеріне арналған жиын өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, қала әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі полковник Тимур Бидайбеков, білім басқармасының бастапқы әскери даярлық пәні бойынша әдіскері Сержан Назаров, «Қарулы күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының төрағасы, Шымкент қаласының құрметті азаматы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев, сондай-ақ ҚР ҚМ Шымкент қаласындағы филиалы Әскери-техникалық мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Биболсын Оралбаев қатысты.
- Бүгінде алғашқы әскери дайындықтан сабақ беретін әр мұғалім мектептің әскери-патриоттық клубының басшысы десек те болады. Осы кездесу арқылы пән мұғалімдері әдістемелік тәжірибе жинап, білім көкжиектерін кеңейтті. Әрбір оқушы әскери мағлұматты бірінші мұғалімінен алатыны белгілі. Сондықтан пән мұғалімдеріне ерекше назар аударылу керек, - деп атап өтті Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев.
Жиын барысында жастарға бастапқы әскери даярлықтың маңызы, әскери-патриоттық тәрбиенің рөлі және әскери қызметке дайындық бағыттары түсіндірілді. Сонымен қатар жоғары әскери оқу орындарына түсу талаптары мен әскери мамандықтарды таңдауға қатысты ақпараттар айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың әскери қызмет туралы түсінігін кеңейтуге, Отан қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға және әскери білім алуға қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған.
Бөлісу