832 текше метр су шығарылды.
Шымкентте өткен аптада жауын-шашын жауып, жеке үйлердің аулаларын су басқан болатын. Нәтижесінде, 832 текше метр су шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде мереке күндері орын алған төтенше жағдайлар туралы өткен брифингте айтылды.
Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісовтың мәлімдеуінше, өткен аптада қала тұрғындарына жалпы 4 дауылды ескертіп, қала тұрғындарына арналарды ұстап қалу арқылы теледидар, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы жеткізілді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 5 мамыр күні Шымкент қаласының аумағында жауын-шашын түрінде дабылды ескерту жарияланған.
Бірақ, 6 мамырда Қаратау ауданындағы 7 жеке үйдің ауласын су басып, судың деңгейі 10 см құраған. (Қызылсу тұрғын алабы, Ақниет к-сі 6,Мәртөбе т/а Мәртөбе көшесі 94, Бозарық т/а Алма көшесі 9, Таскен т/а Бабашева көшесі 98, Новостройка к-сі н/з.)
Барлық мекенжайлар бойынша жедел түрде Департаменттің күштері мен құралдары жіберілді. Аудандық ТЖ бөлімдері - 4 қызметкер және 2 бірлік техника және "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен" 23 қызметкер, 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Жалпы алғанда, 832 текше метр су шығарылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында 8 мамыр күні жауын жауып, оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с дейін жетті.
Сол күні 112 жедел желісіне тұрғын үйлердің шатырының ұшып кетуі туралы 5 хабарлама және ағаштың құлауы туралы 1 хабарлама келіп түскен.
Дегенмен, қала бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауға алынған.