Шымкентте жазғы шинамен жүрген 300-ге жуық жүргізушіге айыппұл салынды

0
572

Олардан өндірілетін сома 912 мың 774 теңгені құрап отыр.


Шымкентте жазғы шинамен жүрген 300-ге жуық жүргізушіге айыппұл салынды

Шымкент қаласында қыс айларында жазғы шинамен жүрген 298 жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардан өндірілетін сома 912 мың 774 теңгені құрап отыр.

Жалпы қар жауған кезде орын алған жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері де осы, яғни жүргізушілер жауапкершілік танытпай, қыстық шиналарын өз уақытында ауыстырмайды. Ал кейбір шиналар стандартқа сай емес. Бұл өз кезегінде жол қауіпсіздігін бұзуға әкеп соғуда.
“Салдарынан жүргізушілер өздеріне материалдық шығын келтіргеннен бұрын, өзгелерге зиянын тигізуде”, - делінген ақпаратта.