Шымкентте жер сілкінісі болды

0
2 970

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте жер сілкінісі болды

Шымкент қаласында 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 23 ақпан күні сағат 06:37-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелген. Оның кіндік нүктесі Алматы қаласынан онтүстік-батысқа қарай 696 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 16.0. MPV магнитудасы 7.0. Эпицентрдің координаттары 37.52°с.ш. 73.48°ш.б. тереңдігі 20 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Шымкент қаласында – 2-3 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ”, - делінген баспасөз хабарламасында.