Шымкентте жолақы төлемеген 25-ке жуық жолаушыға айыппұл салынды

0
901

Айыппұл салу жұмыстары 7 наурыздан басталды.


Шымкентте жолақы төлемеген 25-ке жуық жолаушыға айыппұл салынды

Шымкент қаласында қоғамдық көлік ақысын төлемегендерге айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, қалада айыппұл салу жұмыстары 7 наурыздан басталған. Қазіргі таңда қоғамдық көліктерде “Тексеруші қызмет тобы” жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бірінші апта жол ақысын төлемеген азаматтарға тек ескерту берілген.

"Соңғы 3 күннің ішінде жол ақысын төлеуден жалтарған 25-ке жуық азаматқа Әкімшілік бұзушылықтар туралы кодекстің 2-тармағының 622-бабына сәйкес, 2 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - делінген баспасөз хабарлмасында.
Айта кетейік, айыппұл салу жұмыстары жол ақысын төлеуден бас тартқан азаматтарға салынды. Себебі, тексеруші топ алдымен жолаушыларға жол ақысын төлеу керек екенін ескертеді.