​ҚР АТА ЗАҢЫ ЖОБАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ - ТҰРАҚТЫЛЫҚ

0
67


​ҚР АТА ЗАҢЫ ЖОБАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ - ТҰРАҚТЫЛЫҚ

ERNUR.KZ. Жаңа Конституция жобасындағы басты жаңалықтардың бірі – мемлекеттің іргелі құндылықтарын нақты әрі айқын бекітуі. Дін мен мемлекеттің ара-жігін ажырату қағидатының Конституция деңгейінде нақты жазылуы зайырлы мемлекеттің берік негізін сақтауға бағытталған маңызды шешім деп есептеймін. Бұл – әр азаматтың ар-ождан бостандығын қамтамасыз етудің ең сенімді жолы.


Сонымен қатар білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатының орнықтырылуы болашақ ұрпақтың сыни ойлауына, ғылым мен білімге негізделген қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл норма – идеологиялық бейтараптықты сақтаудың және сапалы адами капиталды дамытудың кепілі.

Неке ұғымының ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде Конституцияда бекітілуі дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған. Бұл шешім қоғамдағы тұрақтылықты сақтаумен қатар, әйел мен ер адамның құқықтық теңдігін күшейтетін маңызды қадам.

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған конституциялық нормалар мемлекеттің болашағын құндылықтық айқындықпен, құқықтық тұрақтылықпен және қоғамдық келісіммен байланыстыратынын көрсетеді. Бұл – уақыт талабына жауап беретін, әрі ұлттық болмысты сақтайтын теңгерімді шешім.