​ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ КӨШБАСШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

0
340

Байқауға 14—35 жас аралығындағы жастардан 168 өтінім түскен.


​ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ КӨШБАСШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ERNUR.KZ. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Жыл көшбасшылары — 2023» премиясының салтанатты рәсіміне қатысып, үздік жастарды марапаттады.


Дәстүрге айналған байқаудың негізгі мақсаты – мегаполисте мемлекеттік жастар саясатының дамуында, елдің қоғамдық өмірінде белсенділік танытқан түрлі сала жастарына қолдау көрсету.


«Мемлекет басшысы айтқандай, «Әділетті Қазақстанның жарқын болашағы – жастардың қолында». Бүгінде халыққа қолайлы жағдайлар жасалып, жастардың білім алуына, ғылыммен айналысуына, жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтылуына және жеке бизнес бастауына жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Қаламызда «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде жастардың кәсіп ашуы үшін 231 үміткердің бизнес жобасы комиссияда қаралып, нәтижесінде 159 жас 2,5 пайыздық үстемақымен жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өздері ұсынған жобалары бойынша жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтерлер беріліп жатыр. Бұл – еліміздің сіздердің болашақтарыңызға зор үмітпен қарайтындығының белгісі», – деді қала әкімі.

Өскелең ұрпақтың жетістіктерін насихаттап, рухын асқақтататын байқауға қаламыздан 14—35 жас аралығындағы жастардан 168 өтінім түскен. Комиссия отырысының шешімімен 20 жас «өз салаларының үздігі» деп танылды. Жыл көшбасшыларына қала әкімінің атынан диплом, қаржылай сыйақы табыс етілді.