Шымкентте «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы өтіп жатыр

0
806

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі​ мәлімдеді.


Шымкентте «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы өтіп жатыр

Шымкент Қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полицияға деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясын өткізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған акция аясында Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Әсел Ермаханқызының ұйымдастыруымен М.Сапарбаев атындағы университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуде «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында бейне-роликтер көрсетіліп, талқылау мен пікір алмасу орын алды.
Осы бағытта Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасымен тұрмыста жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы, «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы бейбітшілік» акциялары ұдайы өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, Шымкентте қыз-келіншектердің құқықтық сауатын арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатындағы республикалық акция қарқынды жалғасып жатыр.

Тәртіп сақшылары Ана мен балаға арналған «Сана Сезім» дағдарыс орталығына арнайы барып, ондағы әйелдердің мәселесін тыңдады. Жалғызбасты аналарға құқықтық кеңес беріп, психологиялық тұрғыдан демеу көрсетті. Қазіргі таңда аталған орталықтағы әйелдерге балаларымен қоса түрлі көмектер көрсетілуде.
Кезекті іс-шарада Әл-Фараби АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Ақмарал Төреханқызы қызметтегі және үй шаруасындағы әйелдерге жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, отбасындағы келеңсіздіктен зардап шеккен әйелдерді де назардан тыс қалдырмай, олармен жекелей кездесіп, тиісінше заңға сай кеңес берді.