​Шымкенттегі 3 жасар бүлдіршінге жасалған азғындық: Тергеуші «бұл масқараны жария етпеуді» сұраған

0
2 354

Шымкент қаласындағы балабақшада 3 жасар қызға азғындық жасау әрекеті бойынша біраз жайттың беті ашылды.


​Шымкенттегі 3 жасар бүлдіршінге жасалған азғындық: Тергеуші «бұл масқараны жария етпеуді» сұраған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі балабақшалардың бірінде 2018 жылдың соңында 3 жасар қызға сексуалдық сипаттағы әрекет жасалғандығы туралы хабарланған еді. Оқиғаның мән жайын informburo.kz тілшісіне бүлдіршіннің ата-анасы айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға 26 желтоқсанда орын алған. Қыз баланың анасының айтуынша, балабақшаға келген бөгде еркек бүлдіршінге тиіскен. Бұл кезде тәрбиешілердің қайда болғаны белгісіз.

Бұл туралы қыздың ата-анасы тек кешкі уақытта ғана білген. Анасы қызының киімін ауыстырмақ болғанда ішкиімінен қанның дағын байқайды. Бастапқыда қызы ештеңе айтпаған, бірақ соңыра айтқан сөзінен ата-анасы ес жия алмай қалған.

«Мен қызымнан: «Саған біреу тиісті ме?» деп сұрағанда, арқасынан бір кісі келіп қолын ішкиіміне салғаные айтты. Қызым шыңғырып жібергенде ол кетіп қалған. Қызымның айуынша, балалар киім ауыстыратын жерде жалғыз болған. Қасында құрбылары да болмаған, апайлары да музыкаға (ред. сабақ) кеткендігін айтты», - дейді қыздың анасы.

Әйел сол күні-ақ құқық қорғау орындарына жүгініп, Шымкент Қаласы Қаратау аудандық полиция бөлімшесінде бірнеше сағат болған. Қыздың анасының айтуынша, олар арыз жазып, оқиғаны анықтауға көмегі тиюі үшін қан дағы тиген ішкиімді тергеушіге берген. Бірақ жәбір көрген қыздың ата-анасын полицейлердің әрекеті таңқалдырыпты. Қыз баланың әжесінің сөзінше, тергеушілердің бірі оқиғаны журналистерге айтып бергені үшін ұялтпақ болған.

«Ол «қазақпыз ғой, ұят болады мұндай масқараны жария ету» деді, - деп отыр қыздың әжесі.

Шымкент қалалық ПД-і жапа шегуші бала екенін алға тартып түсініктеме беруден бас тартты. Ведомствоның баспасөз қызметі ҚР ҚК 124 бабы «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Баланың анасының informburo.kz тілшісіне айтуынша, қызы барлық қажетті тексеруден өткен. Дәрігерлер қарап, содан соң қызбен психолог жұмыс жасаған. Тексеру нәтижесі әзірге белгісіз, дегенмен дәрігер қыздың анасын жыныс мүшесіне енудің болмағанын айтып жұбатқан.

3 жастағы қыз баланың ата-анасы полицияның әлі күнге күдіктінің жеке басын анықтай алмағанына наразы болып отыр.