Шымкенттегі балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96%-ға жетті

0
484

Сондай-ақ, бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылды.


Шымкенттегі балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96%-ға жетті

Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% пайызға дейін жақсартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% пайызға дейін жақсартылып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Жыл басынан бері қалалық клиникалық балалар ауруханасында 76 нейрохирургиялық оталар жасалынды.

Қалада балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы Шымкент қаласы бойынша 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру мен оңалту емі жүргізілуде. Жалпы тәуліктік балаларт өсек-орын саны - 391, күндізгі төсек орын саны -101.

2022 жылдың 6 айында оңалтудан өткен жалпы бала саны – 3773. 2021 жылмен салыстырғанда - 865 балаға көп,тәулік бойы стационарда - 2842, күндізгі стационарда – 931 бала оңалтудан өткен.

Шымкент қаласында жүйке ауруларымен диспансерлік есепте 2497 бала тұрады, оның ішінде ДЦП-мен 1164 баланың 893 оңалту емінен өтті.

142 орта білім беретін мектептерде медициналық пункттер жұмыс істейді. Профилактикалық тексеруге жататын 225 737 оқушының ішінде оқу жылы ішінде 146 729 оқушы тексеруден өтті. Бұл жоспарланған 50% қамтудың 65 пайызын ын құрайды. Профилактикалық иммундаумен жасы бойынша балалардың 33 пайызы қамтылған, жоспар бойынша 30-33,2%.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 жарты жылдығында Шымкент қаласында 15325 бала дүниге келді. Оның ішінде егіздер - 194, үшемдер - 1. Өткен жылмен салыстырғанда, егіздердің тууының 18 жағдайға өсуі байқалды (10,2%).