Шымкенттегі «Бекжан» сауда орталығында халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық филиалы ашылды

0
3 054

320 мыңнан астам тұрғыны бар Абай ауданында жаңа халықты жұмыспен қамту орталығы ашылды.


Шымкенттегі «Бекжан» сауда орталығында халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық филиалы ашылды

«Бекжан» сауда орталығында Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының Абай ауданындағы филиалы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жауапты мамандардың айтуынша, Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында бүгінде 320 мыңнан астам тұрғын болғандықтан, мұндай орталық қажет болған.

Өткен жылы Абай ауданынан атаулы әлеуметтік көмекке 27 мың отбасы өтініш білдірген екен. Ағымдағы жылы аталған ауданнан 25 мыңнан астам отбасы АӘК-ке құжат тапсырады деген болжам ла бар.

Енді Ынтымақ-1, Ынтымақ-2, Самал-3, Ақниет, Ақжар, Құрсай, Қазығұрт, Қызылжар, Жайлау-1, Жайлау-2, Қорғасын-1, Жаңаталап, Тұрлан, Қатын-Көпір шағын аудандарының тұрғындары келіп, бұл орталықтың қызметіне жүгіне алады.
Айта кетейік, 2019 жылы Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 82 145 отбасыдан өтініш қабылданған. Нәтижесінде 62 200 отбасыға, яғни 288 726 адамға көмек тағайындалған.