Мониторинг нәтижесі бойынша көптеген дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Шымкент қаласындағы "ХимФарм" кәсіпорны және "Зерде-Фито" фармацептикалық компаниясынан қаладағы дәріханаларға үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сонымен қатар, медициналық мекемелермен медициналық көмекті өз уақытында көрсетуді қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор арқылы 207,1 млн.теңгеге қосымша дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға тапсырма берілді. Бүгінгі күнде 76,8 млн.теңгеге тауар жеткізілді.
Мониторинг нәтижесі бойынша көптеген дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Тұрғындардың жиі сұранысының көбеюіне орай:
- Ыстықты түсіретін дәрілердің (Парацетамол, Эффералган, Панадол, Нурофен, Ибупрофен, Нимесулид) 238 486 қоры бар, оның ішінде дәріхана қоймаларында - 115 389 қорап болса, дәріханаларда - 123 097 қорабы бар.
- Вирусқа қарсы дәрілердің (Ингавирин, Эргоферон, Кагоцел, Арпефлю) қоры 38 187 қорап, оның ішінде - 25 518 қорабы дәріхана қоймаларында, ал дәріханаларда - 12 869 қорабы бар.
- антибиотиктердің саны (Азитромицин, Цефтриаксон, Цефиксим, Амоксициллин, Левофлоксацин) қоры 592 899 қорап, оның ішінде дәріхана қоймаларында - 502 788 қорап болса, дәріханаларда - 90 101 қорабы бар.