Шымкенттегі егу бекеттеріне бейнебақылау камералары орнатылды

0
521

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан мәлімдеді.


Шымкенттегі егу бекеттеріне бейнебақылау камералары орнатылды

Елімізде алғаш болып Шымкенттегі егу бекеттеріне бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан тілшілердің қатысуымен өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Басқарма басшысының сөзінше, вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру үшін қалада 45 егу бекеті жұмыс істеуде. Одан бөлек 25 жылжымалы егу бекеттері бар.
«Шымкент қаласы бойынша бүгінде I компонентпен 291 074 адамға, ІІ компонентпен 175 775 адамға вакцинациялау жасалды. Халық арасында вакцинациялау жұмыстары туралы түрлі қауесеттер тарауда. Жұмыстарды басты назарға алып, бақылауды одан әрі күшейту үшін егу бекеттеріне камералар орнатылды» - деді Б. Позилов.
Айта кетейік, тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қосымша дайындалған стационарларда науқастарды қабылдау жұмыстары басталып кетті. Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.