Жалпы ұзындығы 31 шақырым, жол құрылыс жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылуда.
Тәшкен-Алматы бағытындағы қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын 6 жолақты етіп қайта құру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады ERNUR.KZ.
Жалпы ұзындығы 31 шақырым, жол құрылыс жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылуда.
Бүгінде Төлеметов көшесінен бастап Бадам өзеніне дейінгі аралық - 1-4 кезеңдердің құрылыс жұмыстары аяқталған. 5-8 кезеңдері бойынша реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған.
А-2 автомобиль жолының Тәшкен трассасы мен Бадам өзені үстіндегі көпірге дейінгі аралықтың жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан арыздар түсуіне байланысты бүгінде осы аралықта қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.