Қорытынды сөз халық қалаулыларымен шешілетін болды.
иллюстрациялық фото: saigez.kz
ERNUR.KZ. Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінде «Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласын дамыту» тақырыбында жиын өтті. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиынға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Оңтүстік филиалының директоры Жамбыл Қалдаров қатысты. Мәжілістің күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Шымкент қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
Сонымен қатар, кездесу соңында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында шымкенттік кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелендіру, субсидиялауға байланысты бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.
Айта кетейік, жиында қабылданған барлық шешімдер жақын уақытта өтетін Шымкент қаласы мәслихаты сессиясында қаралатын болады. Қорытынды сөз халық қалаулыларымен шешілетін болды.