Шымкенттегі ХҚКО-да дайын құжатты жеткізудің жаңа тәсілі іске қосылды

0
688

Енді дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ.


Шымкенттегі ХҚКО-да дайын құжатты жеткізудің жаңа тәсілі іске қосылды

Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет енді Шымкентте қолжетімді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ. Корпорация Яндекс Жеткізу жүйесімен бірлесіп, жеткізудің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілін іске қосты.

Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін, веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, ол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізілім ақысын сол сілтеме арқылы төлеу керек. Нақты уақыт режимінде курьердің жол қозғалысын қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады. Қосымша жоқ болған жағдайда, жеткізілімді SMS-те келген сілтеме арқылы карта виджетімен бақылауға болады.
«Қызмет ақылы, құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне, жолдағы кептелістерге, жол жүктемесіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Жеткізу уақыты — 15 минуттан 2 сағатқа дейін. Қызмет іске қосылғаннан бері 300-ге жуық құжат жеткізілді», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Сондай-ақ, дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттар, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар бар. Бұл ретте жеткізу сервисіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.