Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасына заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды

0
940

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы​ Асылбеков Нұрлыбек ​брифинг барысында мәлімдеді.


Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасына заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсартылып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек брифинг барысында мәлімдеді.
Спикердің сөзінше, сатып алынғандардың қатарында лор-комбайн, МРТ аппараты, нейрохирургиялық микроскоп, ангиограф, цифрлық Рентген-аппарат, «Клинитрон» төсегі, ӨЖЖ аппараттары, IT-техника бар.
Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде.
Сондай-ақ, өткен жылы қалалық клиникалық балалар ауруханасы базасында ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылды. Мамандандрылған стоматалогиялық кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. Бұған қоса ауруханада сәулелі диагностикалық орталық ашылып, 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетуде.
2022 жылы қалалық клиникалық балалар ауруханасында бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда. Сонымен қатар, нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының коммуналдық меншігінде 36 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 15-і ауруханалық ұйым, 14 амбулаторлық-емханалық ұйым және 7 мекеме басқа бейінге бағытталған. Шаһарда медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, олардың материалдық базасын жаңартып, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейеді.