Шымкенттегі тәртіпсіздік: "Түркістан" сарайындағы барлық бөлмелердің есігі зақымданған

0
555

Мәдениет үйінің балансындағы музыкалық аппаратура ұрланып, екі қызметтік көлік өртенген.


Шымкенттегі тәртіпсіздік:

Шымкент қаласындағы тәртіпсіздік кезінде «Түркістан» сарайына да едәуір шығын келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәдениет үйінің сырттан кіретін барлық есігі, сыртқы жарықтандыру жүйесі тас төсемелермен сындырылған. Ғимараттың ішкі есіктеріне түрлі деңгейде зиян келтірілген.
«Түркістан» сарайындағы барлық бөлмелердің есігі зақымданған. Ұжымдық техникалар, құжаттар мен жиһаздар бүлінген. Көрермен залының да есігін бұзған. Алайда, қараңғылық кедергі келтірсе керек, кіре беріс төсеніш жыртылып, жылу батареясы сынған. Сахна мен орындықтар аман. Сондай-ақ, мәдениет үйінің балансындағы музыкалық аппаратура ұрланып, екі қызметтік көлік өртенген. Оның бірі жолаушыларға арналған, екіншісі жүк таситын «ГАЗель». Бұзақылар әртістердің жертөле қабаттағы костюмдер бөлмесіне дейін барып, сахналық костюмдерді жарамсыз күйде қалдырған, - дейді «Түркістан» сарайының шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Е.Бейбітбай.
«Түркістан» сарайының тазалау жұмыстарына мекеме қызметкерлерінен бөлек, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты бірқатар мекемелер жұмылдырылған. Олардың қатарында Шымкент қалалық өзбек театры мен зообақ қызметкерлері бар. Бүгінде мәдениет үйі де жұмысқа кірісті.