Шымкенттегі жалға берілетін тәуліктік пәтерлерге рейд ұйымдастырылды

0
1 752

Әрбір пәтер иесін анықтап тізімі жасақталуда және жол бойында пәтерді жалға беретін тұлғаларға ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес хаттамалар толтырылуда.


Шымкенттегі жалға берілетін тәуліктік пәтерлерге рейд ұйымдастырылды

Әл-Фараби ауданы Республика, А.Жангельдин және Т.Айбергенов көшелеріндегі тәуліктік пәтерлерді жалға беру қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Осы мәслеге байланысты қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан көптеген наразылықтар айтылуда. көтерілген мәселеге орай «Шымкент – қауіпсіз қала» жол қартасы аясында және Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет аудан әкімінің және аудан прокурорының, ішкі істер басқармасы басшысының және қалалық жергілікті полиция қызметі мамандарының қатысуымен рейдтік іс-шара жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында, аталған көшелерді учаскелік полиция қызметкерлері және 6506 әскери бөлімінің сарбаздары тұрақты түрде аралауда. Сонымен қатар, әрбір пәтер иесін анықтап тізімі жасақталуда және жол бойында пәтерді жалға беретін тұлғаларға ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес хаттамалар толтырылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.