Әкімшілік қызметкерлері көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі аппараты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалыптасқан дəстүр бойынша аудан əкімі аппараты жыл сайын оқу жылы басталар алдын мүгедек балалар, жетім балалар мен көпбалалы отбасы балаларына арналған акция өткізеді. Акцияның мақсаты - көп балалы жəне аз қамтылған отбасылар балалары, жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық жəне өзге де көмек көрсету.
Акция барысында балаларға сөмкелер мен мектеп құрал-жабдықтары табысталды.
Акция соңында аудан əкімі барлық аудан кəсіпкерлеріне аталған акцияға білдірген қолдауларына алғыс білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттады.