Шымкенттік әкім Азия чемпионатына баратын балаға өз қалтасынан қолдау көрсетті

0
1 677

Әкесі аураханаға түсіп қалған балақай отбасылық жағдайға байланысты ірі спорттық додаға қатыса алмай жатқандығын айтқан


Шымкенттік әкім Азия чемпионатына баратын балаға өз қалтасынан қолдау көрсетті

ERNUR.KZ. Шымкенттік әкім жасөспірім спортшыны өз қамқорлығына алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мирас Ғұсманов - 11 жаста. Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылының тумасы. Спортты жанына серік еткен ол жасөспірімдер арасында Джит Кун-До спорт түрінен Азия чемпионы.

Алайда, талабы таудай спортшы осы жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына баратын қаржысы болмай, Қаратау ауданының әкімі Исамидин Қантөреевтың жеке қабылдауына жазылған.

Әкесі аураханаға түсіп қалған балақай отбасылық жағдайға байланысты ірі спорттық додаға қатыса алмай жатқандығын айтқан. Ал, аталған аудан басшысы болашағынан үміт күттірген жасөскінді өз қамқорлығына алып, өз есебінен қаржылық қолдау көрсетіпті.

Жас Мирас: «ендігі мақсатым шетелдегі кез-келген сайыста Қазақ елінің көк туын көкке желбірету», - дейді.

Айта кетерлігі, соңғы жылдары Шымкент қаласында Муай-Тай мен Джит Кун-До спортына деген жастардың қызығушылығы артып, бұл спорт түрі қанатын кеңге жайып келеді.