Шымкенттік әкім шағынаудандағы мәселелер шешілетінін айтты

0
1 351

Кездесу барысында шағынауданындағы жол мәселесі бойынша сұрақтар көтерілді


Шымкенттік әкім шағынаудандағы мәселелер шешілетінін айтты

ERNUR.KZ. Қаратау ауданының әкімі тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының басшысы – Исамидин Мұхитдинұлы аудан аумағында орналасқан "Азат" шағынауданының орам басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Азат" шағынауданындағы жол мәселесі бойынша сұрақтар көтерілді.

Сонымен қатар, коммуналдық мәселелер бойыншада бір-қатар сұрақтар аудан басшысының назарына ұсынылды. Алдағы уақытта аудан әкімі Исамидин Мұхитдинұлы аталған мәселелер бойынша тиісті, нәтижелі жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.