​ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БЕЛАРУСЬ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН БІРГЕ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАУДА

0
74


​ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БЕЛАРУСЬ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН БІРГЕ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАУДА

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасында Беларусь Республикасынан келген білікті мамандардың қатысуымен жүрегінде туа бітті ақауы бар балаларға күрделі кардиохирургиялық оталар жасалуда.

Шеберлік сағаты «Балалар кардиохирургиясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында өтіп жатыр.

Тәжірибе алмасу барысында қос тарап бірлесіп бес балаға жасанды қан айналымы жағдайында қарыншааралық перде ақауын пластикалау, ашық артериялық өзекті байлау, ашық сопақша тесікті тігу және трикуспидальды қақпақшаны қалпына келтіру сияқты жоғары технологиялы оталар жасауда.
Клиникалық балалар ауруханасының кардиохирургтері, анестезиологтары мен мейірбикелері қатысып жатқан іс-шараға Беларусь республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығының тәжірибелі дәрігерлері жетекшілік етуде.
Шеберлік сағаты балалар кардиохирургиясы саласында халықаралық тәжірибе алмасуға, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға және заманауи медициналық технологияларды практикаға енгізуге мүмкіндік береді.
Бөлісу