Шымкенттік дәрігерлер өзбекстандық мамандармен меморандумға қол қойды

0
636

Ынтымақтастық өзара кәсіби және гуманитарлық байланысты нығайтып қана қоймай, медициналық туризмге жол ашып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.


Шымкенттік дәрігерлер өзбекстандық мамандармен меморандумға қол қойды

Өзбекстандық дәрігерлер Шымкенттегі оңалту орталықтарының озық тәжірибесін енгізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өзбекстанның мамандандырылған терапия және оңалту ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының мамандары Шымкент қаласындағы оңалту орталықтарының жұмыстарымен танысып, екі жақты меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық өзара кәсіби және гуманитарлық байланысты нығайтып қана қоймай, медициналық туризмге жол ашып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Қаладағы №1 және №2 оңалту орталықтарында 18 жасқа дейінгі балаларға бастапқы медициналық қалпына келтіру және оңалту емдері жүргізіледі. Бұл мекемелерде мультитәртіпті команда жұмыс істейді. Реабилитологтар, дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевттер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік және түзету педагогтері, ойын және музыка терапевттері, монтессори-терапия мамандары кешенді ем шараларын жүргізеді.
«Шымкентке келген мақсатымыз – осындағы оңалту орталықтарындағы мамандармен іскерлік байланысты нығайтып, тәжірибе жинақтау. Осы мақсатта №1 оңалту орталығының басшылығымен меморандумға қол қойдық. Екі жақты келісім арқасында бір-бірімізден үйренеміз көп болары сөзсіз», - деді Өзбекстан Республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының өкілі Сирожиддин Холмуминов.

Айта кетейік, Ташкент қаласынан келген дәрігерлер қалдағы бірнеше оңалту орталығындағы жұмыспен танысты. Сапар аясында екі ел арасындағы медиицналық туризимді дамыту мақсатында меморандумға қол қойылып, әріптестік байланысты нығайту мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізілмек. Сондай-ақ, көрші елден келген медицина мамандары қаладағы оңалту орталықтарына барып, сал дертіне шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарымен кездесті.