Шымкенттік кәсіпкер 10 жылға жуық бизнеске арналған жерге құқық белгілейтін құжаттарды ала алмаған

0
706

Себебі жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тарапынан ұзақ жылдар бойы кеңестің дұрыс берілмегендігінде болған.


Шымкенттік кәсіпкер 10 жылға жуық бизнеске арналған жерге құқық белгілейтін құжаттарды ала алмаған

Шымкенттік жеке кәсіпкерге шамамен 10 жылға жуық баспа өнімдерін сататын дүңгіршектер үшін жер құқығы берілмеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәсіпкердің қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне өтінішінен кейін, Департамент мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті құжаттар жер комиссиясының қарауына жолданып, оң қорытынды алынды. Басты себеп, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тарапынан ұзақ жылдар бойы кеңестің дұрыс берілмегендігінде болған”, - делінген жазбада.