Бұл шараға мегаполис жастары мен журналистер де белсенділік танытты.
«Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік пакеттерін үлестірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының үндеуі мен қала әкімінің үндеуіне қолдау көрсетіп, бүгінде мұқтаж жандарға көмектесуді жөн көрдім. Дәстүр бойынша, ораза кезінде көпшілік адам ауыз ашар жасайды. Мен ойлаймын, неге биыл ауызашарды осындай көмекке алмастырмасқа? Менің ойымша, бұл әлдеқайда маңызды, өйткені әлемнің барлық діндерінде көмекке мұқтаж адамдарға әрқашан көмек көрсетуге, қолдауға шақырады. Мен барша азаматтарды бұл бастаманы қолдауға шақырамын. Бүгінде елімізде қаншама түрлі челлендждер бар. Бұл жақсылық челленджінің бастамасы болсын»,- деді Бауыржан Анарбеков.