2016 жылы «Химфарм» АҚ антибиотик ұнтақтарын шығаратын жаңа цехты іске қосқаны үшін «Алтын Сапа» байқауының «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.
Шымкенттің «Химфарм» компаниясы – Қазақстанның көшбасшылар үштігінде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкенттің фармацевтика өнеркәсібі тұтынушыларға «Химфарм» АҚ атауымен белгілі. 1882 жылы құрылған әлемдегі ең көне фармацевтикалық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның өнімдері Santo сауда маркасымен шығарылады.2011 жылы өндіріске жаңа инвестор - орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобының келуімен, кәсіпорында тиісті өндірістік практика сапасының халықаралық стандарттарына (GMP) сәйкес жаңа өндірістік қуаттарды салуға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға бағытталған кең ауқымды инвестициялық жобаны іске асыра бастады.
Бүгінгі күнде SANTO компаниясы Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық өндіруші болып табылады және Қырғызстан мен Өзбекстанда өкілдіктері бар. 2018 жылдың қорытындысы бойынша IQVIA (Source: IQVIA databases. Retail, hospital (TRD Prices)) «Химфарм» АҚ компаниясы Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы көшбасшылар үштігіне кіреді және бөлшек сегментте бірінші орынды иеленді.
«Химфарм» АҚ компаниясының өндірістік қуаты итальяндық, неміс, оңтүстік кореялық және басқа да халықаралық өндірушілердің деңгейіне сәйкес келеді. Компания жыл сайын шығарылатын өнімдер портфелін кеңейтіп отырады. Олардың басым бөлігі инъекциялық, инфузиялық ерітінділер және таблетка түрінде шығарылады. SANTO компаниясының портфелінде терапияның әртүрлі салаларында ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтардағы 240-тан астам генерикалық препараттардан тұрады.
SANTO-ның өндірістік қуаты жыл сайын 193,8 млн. инъекциялық ампулалар, 2,6 млн. инфузия флакондарын, 7,7 млн. стерильденбеген сұйық пероральді дәрілік заттар флакондарын, 35,4 млн. цефалоспортин қатарындағы антибиотиктер флакондарын, 14 млн. пенема/мицин қатарындағы антибиотиктер флакондарын, тікелей престеу әдісімен 518 млн. таблетка және ылғалды түйіршіктеу әдісімен 135 тонна таблетка массасын өндіруге мүмкіндік береді.
Компания Қазақстанның фармацевтикалық индустриясындағы ең ірі жұмыс беруші ол 900-ден астам адамға жұмыс орындарын ұсынады. Зауыт қызметкерлері Польша және басқа да еуропа елдерінде үнемі бейінді оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді. Сонымен қатар, Компания саладағы ең ірі салық төлеуші болып табылады.
Зауыт өнімдері Қазақстанда және жақын шет елдерде кеңінен танымал. 2016 жылы «Химфарм» АҚ антибиотик ұнтақтарын шығаратын жаңа цехты іске қосқаны үшін «Алтын Сапа» байқауының «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.