Бүгінде Шымкентте жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 7 ХҚО-да алуға болады.
Шымкенттік ХҚО-да жерді рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, енді тұрғындар өздерінің ЖСН/БСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді электрондық порталда ала алады egov.kz. Қызметті алу үшін электронды порталда авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беруқажет. Содан кейін қызмет алушыға ЖСН/БСН көрсетіледі, кейін «Жердің бар-жоғына сұрау жіберу» батырмасын басу қажет. Тіркелген жерлер болмаған жағдайда мәртебе бірден көрсетіледі және «Анықтама алу»батырмасы пайда болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, меншік иелері барлық тіркелген жерлер туралы толық, егжей-тегжейлі ақпаратты анықтама түрінде ала алады. Ол үшін сізде ЭЦҚ болуы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Өтінім өңдеу 15 минутты алады.