Алматы қаласында халықаралық «Думанды елім» өнер байқауы өтті.
Шымкенттік оқушы «Думанды елім» өнер байқауында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алматы қаласында театр өнері бойынша 13-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында халықаралық «Думанды елім» өнер байқауы өтті.
Аталған байқауға шымкенттік жастар да қатысқан болатын.
Халықаралық байқау барысында өнерлі өрендердің шығармашылығы сынға түсті. Нәтижесінде, «Жылқы аттас фамилия» қойылымы бойынша Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Жүзтаев Бағдат бас жүлдеге ие болды.
Бас жүлдегер Бағдат енді Стамбулда өтетін Халықаралық байқауға қатысатын болады.