Шымкенттік оқушылар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

0
406


Шымкенттік оқушылар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

Астана қаласында 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми байқау өтті.

Еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 116 оқушы қатысқан іс-шарада оқушылар төрт негізгі секция бойынша жобаларын қорғап, зерттеушілік қабілеттерін көрсетті. Олар: ғарыштық техника және инфрақұрылым, ғарыштық биология және медицина, күн жүйесі және оның зерттелуі бағыттары болды.

Шымкент қаласынан қатысқан 4 дарынды оқушы халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізді. Күміс жүлдені (II орын) Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әсел Мұратбек, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Аруна Абылқасым жеңіп алды. Қола жүлдеге (III орын) А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Алина Есенгелдиева және №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Дастан Рақыманберді ие болды. Сонымен қатар, Дарынды балаларға арналган 1 ІТ мектеп интернаты Әсел Мұратбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорлық грантының иегері атанды.
Бөлісу