Шымкенттік оқушылар республикалық интеллектуалдық конкурсында жеңімпаз атанды

0
191

Конкурстың мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды аныктап, олардың шығармашылық қабілетін шыңдау


Шымкенттік оқушылар республикалық интеллектуалдық конкурсында жеңімпаз атанды

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 27-29 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының республикалық кезеңі өтті.

Конкурстың мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды аныктап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазакстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Конкурстың 4 номинациясы бойынша қалалық кезеңінен жеңімпаз болған төмендегі оқушылар қорытынды кезеңде өз бақтарын сынады:
1.«Менің шағын Отанымның тарихы» – Қойшыбек Асылай, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы;
2.«Шағын Отанымның символы» - Фархад Индира, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;
3. «Менің шағын Отанымның болашағы» – Айтуғанова Сабина, №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі;
4. « Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» – Арықбай Бибіажар, №87 жалпы орта білім беретін мектебі.

Балалардың шығармашылық қабілетін ғана емес, Отанды сүюге бағыттаған конкурс нәтижесі бойынша:
1. ІІІ орын - №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушысы Қойшыбек Асылай;
2. ІІІ орын - А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының оқушысы Фархад Индира;
3. Грамота - №87 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Арықбай Бибіажар иеленді.
Бөлісу