Шымкенттік онкологтар халықаралық форумда өз тәжірибелерімен бөлісті

0
497

Халықаралық жиын – медицинадағы аз инвазивті тәсілдерді қолдана отырып, оны емдеу әдістеріне кеңінен енгізу үшін ұйымдастырылған.


Шымкенттік онкологтар халықаралық форумда өз тәжірибелерімен бөлісті

Шымкент қаласының онкологтары Грозный қаласында өткен онкология саласындағы Дүниежүзілік көшбасшылардың форумында өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халықаралық жиын – медицинадағы аз инвазивті тәсілдерді қолдана отырып, оны емдеу әдістеріне кеңінен енгізу үшін ұйымдастырылған. Дүниежүзілік форумға қатысқан шымкенттік онклогтар емдеу әдістері жөнінде шет елдік әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Қаладағы онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлық онкология бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты Дауранбек Арыбжанов форумда ми ісіктері кезіндегі эндоваскулярлық араласу бағытында бағдарламалық баяндама жасады.
Сондай-ақ жиынға қатысқан жергілікті медицина мамандары эндоваскулярлық операциялар жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.
Халықаралық форум аясында жас медицина ғалымдардың байқауы ұйымдастырылып, сайыс нәтижесі бойынша қазақстандық жас онкологтар Мадияр Өмірбаев пен Сардар Алметовтың баяндамалары үздік деп танылды.
Айта кетсек, екі күндік форумда эмболизация әдістері бойынша түрлі тақырыпта шеберлік сабақтары да өтті.