Шымкенттік өрт сөндірушілер қан тапсырып, донор болды

0
1 772

Өрт сөндіруші: «Оттан болмаса да, осылайша біз бір өмірді құтқара аламыз»


Шымкенттік өрт сөндірушілер қан тапсырып, донор болды

Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері Шымкент қаласындағы облыстық қан орталығында донор атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған игі бастама туралы қан орталығының мамандары: «Донор қаны мыңдаған адамдардың өмір сүруіне мүмкіндік береді және оған деген қажеттілік төмендеген емес», - дейді.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, негізгі қанды және компонентін қажет етушілер – жан сақтау, жарақат, онкология, жаңа туылған нәрестелер бөлімдері екен.

Ал, өз бастамалары жайлы алғаш рет донор болып отырған бөлім бастығының орынбасары Танат Шалдарбеков: «Біздің жұмыс адамдарды құтқарумен байланысты. Ант қабылдағаннан кейін біз жұмыстан тыс кезінде де оны орындауымыз қажет, сондықтан да біздің ұжым мұндай іс-шараларды қолдап отырады. Біздің біреуіміз сирек қан тобына ие болуымыз мүмкін, оттан болмаса да, осылайша біз бір өмірді құтқара аламыз», - дейді.