Нұрлан Бекназаров 13 жыл бойына қалалық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарды. Әріптестерінің айтуынша, ол мегаполис үшін маңызды шешім қабылдау кезінде әрбір депутаттың пікірін ескеріп, туған қаласының тағдыры үшін алаңдайтын.
Қалалық әкімдікте кезектен тыс 39-шы сессия өтті, онда халық қалаулылары өз әріптесін, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Нұрлан Бекназаровты Парламент Сенаты сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұл біздің қала үшін тарихи сәт, - деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. - Жазда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және Сенатқа сайлау өткізу туралы бірден екі маңызды Жарлыққа қол қойды".
Айта кетейік, Нұрлан Бекназаров 13 жыл бойына қалалық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарды. Әріптестерінің айтуынша, ол мегаполис үшін маңызды шешім қабылдау кезінде әрбір депутаттың пікірін ескеріп, туған қаласының тағдыры үшін алаңдайтын.