Шымкенттік спортшылар ел чемпионатында жүлделі болды

0
2 579

Жарысқа Шымкент құрама командасынан 21 спортшы қатысты. Оның 4-і жеңіс тұғырынан көрінді.


Шымкенттік спортшылар ел чемпионатында жүлделі болды

1-6 ақпан аралығында жасөспірім арасында бокстан ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарысқа Шымкент құрама командасынан 21 спортшы қатысты. Оның 4-і жеңіс тұғырынан көрінді.

Қадырхан Айдар 48кг салмақта 1 орынды иеленсе, Сабырхан Төрехан 52кг салмақта алтыннан алқа тақты. Ал 50кг салмақта өнер көрсеткен Тілеумбек Жасұлан мен 52кг салмақта жұдырықтасқан Оралбаев Нурасыл қола жүлдені қанағат тұтты.