Міне әкімдіктің жұмысына көңіл толарлықтай енді
ERNUR.KZ. Шымкенттік тұрғын әкімдік жұмысына алғыс білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Әл-фараби ауданы әкімдігінің жұмысына тұрғындар алғыс білдірді.
Атап айтсақ, әкімдік Шымкент қаласындағы Байтұрсынов көшесі мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласына қоқыс жәшігін орнатып қана қоймай, сыртын қоршап, заманауи үлгіде жасаған.
«Міне әкімдіктің жұмысына көңіл толарлықтай енді. Жарады. Енді су шашып, тазартып тұрса мүлдем қатып кетер еді»,- дейді тұрғын Temirbek Baytas өз жазбасында.