Әкімдік қызметкерлеріне рахмет, тазартып берді
ERNUR.KZ. Қаратау ауданы әкімдігі тұрғынүй аулаларын тазарту жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігі халықпен жұмыс жасауын белсенді түрде жалғастырып жатыр.
Бұл туралы қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлының фейсбук желісіндегі парақшасында: «Қаратау әкімдігінен көлік жуған су мен жарылған канализация суы садыралап тастаған ауламызды жудырып беруін сұраған едік. Әкімдік қызметкерлеріне рахмет, тазартып берді. Әкімдік қызметкері Бауыржан інімізге ерекше рахмет!», - делінген.
Айта кетейік, аталған тазарту шарасы Нұрсәт м/а N:1, 2, 3, 4, 20, 21, 22, 23 үйлерінің аулаларында жүргізілген.
Сондай-ақ, жазбада: «Енді бір күнді белгілеп, ауданның жаңа әкімі тұрғындармен кездесіп, тұрғындардың базынасын тыңдап кетсе нұр үстіне нұр болар еді», - делінген.