Жас сақшылар Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы резиденциясы аумағында орналасқан дарынды балаларға арналған лагерьде демалатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен және Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұхтар Жұмабайұлы Қожаевтың бастамасымен «Жас сақшы» полицейлік сыныптарының 27 оқушысына 10 күндік демалыс ұйымдастырылды.
Демалысқа аттанар алдында жас сақшылар полиция қызметкерлерімен бірге гарнизондық саптық таратуға қатысты. Бір сапта тұрған оқушыларға тәртіп, жауапкершілік пен заңға құрметтің маңыздылығы түсіндірілді.
Жас сақшылар Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы резиденциясы аумағында орналасқан дарынды балаларға арналған лагерьде демалатын болады.
Лагерьде Білім басқармасының арнайы бағдарламаларымен қатар, Полиция департаментінің үздік қызметкерлері 10 күн бойы жас сақшыларға күн сайын арнайы дайындық сабақтарын өткізеді. Сабақтар құқықтық сауаттылықты арттыруға, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және полиция қызметімен жақынырақ таныстыруға бағытталады.
Жас сақшыларға мазмұнды демалыс, жарқын әсерлер тілеп, ақ жол тіледі.


