«Алтын белгі» иегері ұстаздары мен ата-анасының үмітін ақтады.
Шымкенттегі №65 мектеп-гимназияның түлегі «Алтын белгі» иегері Әсемай Жарқынбекқызы ұлттық бірыңғай тестілеуден 139 балл жинады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық және қашықтық олимпиадалардың жеңімпазы атанған Әсемай ағылшын тілін жетік меңгерген. Ұстаздары мен ата-анасының үмітін ақтаған ізденімпаз түлектің енді өзі таңдаған оқу орнына түсуіне мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, Шымкентте 21 маусымнан басталған сынақ 5 жоғарғы оқу орны базасында 26 маусымға дейін жоспарлы түрде жалғасады. Биыл Шымкентте мектепті 8063 оқушы мектеп бітіріп, оның 5463-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген.
Оның ішінде қазақ тілінде – 4454 оқушы, орыс тілінде – 987 түлек және биылғы ерекшелік – 22 түлек ағылшын тілінде тапсырды.
Дереккөз: Шымкент келбеті ресми парақшасы